Еурокубокқа байланысты «Астананың» тағы бір матчы кейінге қалды

Еурокубокқа байланысты «Астананың» тағы бір матчы кейінге қалды

«Серый CARDINAL» Telegram-арнасы елордалық клубтың еурокубоктарға қатысуына байланысты «Астана» матчының тағы да кейінге шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ҚПЛ-ның 18-туры аясындағы «Жеңіс» пен «Астана» кездесуі кейінге шегерілуі мүмкін. Оған себеп «Астананың» Конференция лигасының плей-офф кезеңіне қатысуы. Осылайша, елордалық футболшыларды да кейінге қалдырылған төрт матч күтіп тұр», - деп жазады дереккөз.

Естеріңізге сала кетейік, 22 тамызда «Астана» Конференция лигасының плей-офф кезеңінде сырт алаңда норвегиялық Браннмен ойнайды. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 22:00-де өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или