«Елімайдың» бразилиялық ойыншысы «Қызылжарға» қарсы матчқа қатыспайды
«Елімайдың» 28 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушысы Шина алдағы Премьер-лиганың 18-туры аясындағы «Қызылжарға» қарсы ойынға қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Премьер-лиганың 17-туры аясындағы «Тұранға» қарсы ойында (6:0) Рожерио Алвес дос Сантос маусымда төртінші рет ескерту алды. Ол алдағы «Қызылжарға» қарсы матчқа қатыспайды.
Айта кетейік, Рожерио Алвес дос Сантос биылғы чемпионатта 14 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или