Криштиану Роналдудың клубы бас бапкерсіз қалды

Криштиану Роналдудың клубы бас бапкерсіз қалды

«Әл-Наср» Сауд Арабиясы Суперкубогында «Әл-Хилалмен» (1:4) өткен матчта жеңіліс тапқаннан кейін бас бапкер Луис Кастроны қызметінен босатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Директорлар кеңесінің төрағасы Ибрагим әл-Мухаддиб «Ән-Насрға» жаңа бапкер іздеуді бастайды.

Луис Кастро «Ән-Наср» тізгінін 2023 жылы ұстады. Маманның клубпен келісім шарты 2025 жылға дейін болған. Бұған дейін ол Рио-аве, Чавес, Витория Гимарайнс, Шахтер, Аль-Духайл және Ботафого клубтарын баптады.

22 тамызда «Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатының бірінші турындағы «Аль-Раедпен» матч өткізеді. Кездесу Эр-Риядтағы Al Awwal Park стадионында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или