Қазақстан чемпионы бас бапкерсіз қалды

Қазақстан чемпионы бас бапкерсіз қалды

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында команданың еурокубоктардағы сәтсіздігімен қатар, бас бапкер қызметінен кететінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Біріншіден, «Пюник» командасын жеңісімен құттықтағым келеді. Бұл өте қызықты матч болды. Өкінішке орай, бізге жүктелген бір тапсырманы орындай алмадық. Командаға жаңа тыныс керек, мен басшылық пен ойыншыларға кететінімді хабардар еттім.

Бұл шешім матч алдында қабылданған және ешбір жағдайда эмоцияға негізделмеген.

Естеріңізге сала кетейік, үшінші іріктеу кезеңінде «Ордабасы» «Пюниктен» жалпы -2:0 есебімен жеңілген болатын.

Александр Седнев «Ордабасыны» 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді. Беларусь маманының жетекшілігімен шымкенттік клуб тарихта тұңғыш рет ел чемпионы атанып, Қазақстан кубогын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или