Мұхановтың «Ақтөбесі» мықты еді

Осыдан төрт-бес жыл бұрынғы «Ақтөбе» футбол клубының құрамы есіңізде ме? Владимир Мұханов жаттықтырған «Ақтөбе» нағыз чемпиондық ойынның үлгісі еді. Бүгінде сол азуы алты қарыс команданың елесі де қалмады. «PROСПОРТ» тілшісі Мұхановтың кезеңіндегі «Ақтөбеге» көз жүгіртіп, команданың болашағына назар аударды.

Владимир Мұханов баптаған «Ақтөбе» еліміздің бірінші нөмірлі командасы болған. Мұханов тізгінін ұстаған алты жылда (2006-2012 жылдар) ақтөбеліктер қатарынан үш рет чемпион атанып, ел кубогында топ жарды. Қазақстан Суперкубогын екі рет иеленген, бұған еурокубоктағы табысты матчтарды қосыңыз. Жалпы айтқанда, Мұхановтың «Ақтөбесі» сол жылдары қазақ футболының нағыз эталоны атанған еді.

2012 жылғы маусымнан соң командадан Мұханов, ойынынан мәнер кетті. Клуб 2013 жылы Никитенконың басшылығымен чемпион атанғанымен, жанкүйерлер мен мамандар «Ақтөбенің» ойын өрнегін біраз сынға алған.

Бірнеше жыл бұрын бүкіл қазақстандық клубтардың басты қорқынышына айналған «Ақтөбенің» бүгінгі ахуалы қандай? Мұханов баптаған «Ақтөбеден» қазір қай ойыншылар қалды?

2012 жылғы «Ақтөбеге» көз жүгіртейік. Мұхановтың командасында Андрей Сидельников, Самат Смақов, Юрий Логвиненко, Еміл Кенжесариев, Марат Хайруллин, Тимур Кападзе, Марат Бикмаев, Александр Гейнрих сынды футболшылар жетекші рөл атқарды. Байқағандарыңыздай, сол құрамнан осы маусымда екі футболшы ғана бар. Юрий Логвиненко мен Марат Хайруллин. Ал Сидельников пен Гейнрих – «Ордабасыда», Бикмаев пен Кападзе еліне оралып, ташкенттік «Локомотив» сапында тер төгіп жүр. Самат Смақов артынша түркиялық «Ризеспорда», «Қайрат» пен «Ертісте» ойнап үлгерді. Кенжесариевтің қайғылы жағдайы да сіздерге мәлім болар.

2013 жылы «Ақтөбенің» тізгінін ұстаған Владимир Никитенко Мұхановтың жасақтап кеткен командасымен чемпион атанды. Осы футболшылар кеткеннен кейін «Ақтөбеде» сәтсіздік сериясы басталды. 2014 жылы «Ақтөбенің» құрамы ауысып, футболшылардың екінші толқыны келді. Команда Маркос Пиззелли, Алексей Антонов, Данило Неко, Андерсон Сантана сынды мықты легионерлермен толықты. Бірақ осындай білікті футболшылардан құралғанына қарамастан, «Ақтөбе» соңғы екі маусым бойы сәтсіз өнер көрсетті. Әрине, батысқазақстандықтар чемпионатта екінші-үшінші орын еншілеп, еурокубокқа жолдама алып жүрді. Бірақ «Ақтөбе» нәтижелі өнер көрсеткенімен, ойын мәнері өзгеріп, команданың тактикасы шабуылдау емес, қорғануға ауысты. Оның үстіне, «Қайрат» пен «Астанадан» ірі есеппен жеңілуі де таңқалдырмайтын болды. Қысқаша айтқанда, «Ақтөбе» еліміздің үшінші командасына айналды.

Әрине, өз жанкүйерлерін чемпиондыққа ғана үйретіп тастаған «Ақтөбе» үшін бірінші орыннан басқасының бәрі нәтиже емес. Сондықтан, Пизелли мен Неко бастаған «Ақтөбенің» құрамы өте сәтсіз өнер көрсетті. Ал биылғы маусымнан соң осы жетекші футболшылар да команда сапынан кетпекші. Яғни, «Ақтөбені» құрамның үшінші толқыны күтіп тұр. Қазіргі экономикалық жағдайларға байланысты «Ақтөбе» сапынан көп жалақы алатын футболшылар кетеді. Бұлардың ішінде команданың жетекші легионерлері бар. Клубтың бас бапкері Иоан Андоне де жалақысының аз болуына байланысты командамен келісім-шартын бұзды. Енді келер жылы «Ақтөбеге» жергілікті футболшылар, көп қаражатты қажет етпейтін, жалақысы аз ойыншылар келеді. Бас бапкер де қазақстандық мамандардың ішінен таңдалып алынбақ. Себеп – шетелдік бапкерлер көп ақша сұрайды. Сондықтан, келесі маусымда ақтөбеліктердің құрамы әлсізденуі мүмкін. Бұлай жалғаса берсе, «Ақтөбе» де қарағандылық «Шахтердің» тағдырын қайталауы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или