Месси «Реалға» қарсы 30 минут ойнай алады

Каталондық «Барселона» көшбасшысы Лионель Месси мадридтік «Реалға» қарсы ойында 30 минута алаңда ойнай алады. Бұл туралы испан басылымдары хабарлауда.

«101 Great Goals» таратқан ақпарат бойынша, аргентиналық шабуылшы ойынды бірінші минуттан бастамайды. Соңғы жарты сағатта алаңға шығатын болады. Футболшы «Эль-Классикоға» қатысу үшін дайындығын демалыссыз пысықтауда. Бұл маусымдағы бірінші «Эль-Класико» ойыны Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді.

Айта кетейік, «Блаугрананың» көшбасшысы Испания чемпионатында «Лас-Пальмасқа» қарсы ойында сол аяғын жарақаттап алған болатын.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или