Ағылшын жанкүйерлері Франция әнұранын орындамақшы

Британиялықтар қарашаның 13-нен 14-не қараған түні Парижде болған террорлық әрекеттерге байланысты француз халқына қолдау білдірмекші, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Англия және Франция құрамалары арасындағы жолдастық кездесу алдында ағылшын жанкүйерлері қонақтардың әнұраны - «Марсельезаны» француздармен бірге әуелетпек. Telegraph хабарлағандай, бұл идея әлеуметтік желілерде тараған екен.

Матч Лондондағы «Уэмбли» стадионында 17 қараша күні өтеді. Алаңға шығатын қос құраманың әнұрандары дәстүрлі түрде ойын басталар алдында орындалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или