Иван Азовский: «Мұндай матчтан кейін ешқандай эмоциям жоқ»

Иван Азовский: «Мұндай матчтан кейін ешқандай эмоциям жоқ»

Талдықорғандық «Жетісудың» бас бапкері Иван Азовский «Востокқа» қарсы ойын туралы пікірін айтты.

«Бірінші таймдағы ойынның сапасы екіншіден мықты болды. Қарсыласымыз жақсы ойнады, бірақ менің футболшыларымның шеберлігі үстем болды. Екінші таймда қарсылас допқа иелік етіп, екі гол соғуға мүмкіндік алған. Қарсыластың бірінші лигадан екенін ескеріп, осылай босаңсуға болмайды. Мұндай матчтан кейін ешқандай эмоциям жоқ. Марат Шахметовтің маңызды голды соққаны жақсы болды. Енді бізді демалыс күтіп тұр, желтоқсанда жаңа маусымға дайындықты бастаймыз», - деді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или