«Пюниктің» бас бапкері «Ордабасының» мықты тұстарын атады
«Пюниктің» бас бапкері Егише Меликян конференция лигасының «Ордабасыға» қарсы матчтан не күтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
- Біз үшін маңызды әрі күрделі матч. Біздің міндетіміз - кем дегенде ұтылмау, содан кейін бізде келесі кезеңге өту үшін барлық мүмкіндік болады. Біз «Ордабасының» мықты жақтарын білеміз. Жеке сапалы ойыншылар және қауіпті бұрыштамалар.
- Сіздерде Армения чемпионаты енді ғана басталды. Тек бір тур өтті. «Ордабасының» қызу жүріп жатқан чемпионаты оларға артықшылық бере ме?
- Ойын тәжірибесі әрине өте маңызды. Бірақ мен одан сылтау іздегім келмейді. Біз ертеңгі ойынға дайынбыз және жолдастық кездесулер өткіздік. Команда жақсы жұмыс істейді.
- Сіздің үйдегі жауапты ойын «Пюник» үшін плюс пе?
- Біздің жанкүйерлердің қолдауы тамаша, сондықтан мен үйдегі матчтың оң нәтижесіне сенімдімін. Ең бастысы, басында айтқанымдай, мұнда ұтылмауымыз керек.