Үш дүркін Қазақстан чемпионы футболдан ұзақ мерзімге шеттетілуі мүмкін
«SD Family» командасының жартылай қорғаушысы Сұлтан Сағынаев футболдан ұзақ мерзімге шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Бірінші лиганың 18-турындағы «Алтай» – «SD Family» (2:2) матчының соңында болды. Қонақтар қосымша минутта екінші гол жіберіп алған еді. «SD Family» жартылай қорғаушысы Сұлтан Сағынаев Өскемен қаласының қосалқы төрешісі Асылан Мейірбаевқа дөрекі сөздер айтқан, кейін алаңнан қуылған соң, матчтың бас төрешісі Жақсылық Сейдахметовке (Талдықорған) қол жұмсаған.
Енді Сұлтан Сағынаевқа екі эпизод бойынша ұзақ мерзімді дисквалификация қаупі төніп тұр.
Сағынаев – «Астана» түлегі. Хавбек үш рет Қазақстан чемпионы және Қазақстан Суперкубогының иегері атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или