Станимир Стоилов. «Хасководан» «Астанаға» дейін

Ағымдағы футбол маусымының басты оқиғасы - елордалық «Астана» клубының Чемпиондар Лигасын топтық кезеңіне шығуы. Қазақ футболын биікке жетелеген бапкердің аты-жөні – Станимир Стоилов. Болгариялық бапкердің келуімен «Астананың» ойыны түзеліп, елордалықтар чемпиондыққа қол созды. Бүгін біз, өз есімін қазақ футболы тарихында алтын әріптермен жазған жаттықтырушы туралы сыр шертпекпіз.

Станимир Стоилов – 1967 жылы Болгарияның 80 мыңға жуық халқы тұратын Хасково қалашығында дүниеге келген. Жергілікті «Хасково» клубында теңбіл доптың қыр-сырын үйренеді. Ал кәмелет жасқа толғанда алғашқы келісімшартқа отырды. Кейіндеу келе дарынды қорғаушының Болгарияның ең беделді командасы «Левски» қатарына қосады. Бұдан бөлек спорттық мансабында түріктің «Фенербахче», португалияның «Кампумайоренси», болгариялық ЦСКА, «Славия» командаларында өнер көрсетеді. Футболшы ретіндегі мансабын 2003 жылы «Левски» ұжымында аяқтайды. Болгария Ұлттық құрама сапында 14 кездесуге қатысып, үш мәрте көзге түскен.

Бутсыны «шегеге ілген» соң бапкерлік қызметін бірден бастап кеткен Станимир 2004 жылы «Левскидің» бас жаттықтырушысы атанады. Жас маманның жетістікері көп күттірмеді. Екі мәрте ел чемпионы атанып, Болгария Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ УЕФА Кубогының ширек финалына дейін жеткен. Онымен қоса, Болгария футболының тарихында тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне «Левски» командасын алып шықты. 2007 жылы Ұлттық құраманың тізгінін ұстады. 2010 жылы кипрлік «Анортосис» командасын жаттықтырған Стоиловтың алғашқы шет елдегі жорығы сәтсіз өтті. Бір жылға созылған үзілістен кейін отанына қайта оралып, «Ботев» командасын баптады. Футбол сүйер қауымның есінде болса, дәл осы «Ботев» Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Астананы» қос ойын нәтижесі бойынша 6:0 есебімен тас-талқан еткен. Келер маусымда елордаға ат басын бұрған Станимир Стойлов «Астананы» нағыз чемпиондыққа лайық команда етіп жаттықтырды. Бірінші жылы-ақ чемпион атанып, жеңіс тойын тойлаған болатын. Ал Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алған «Астана» бұл жорыққа тыңғылықты дайындалды. Екінші кезеңде словениялық «Мариборды» артта қалдырса, үшінші турда финляндиялық ХИК командасын жарыс жолынан шығарды. Ал плей-офф сынында еуродада мол тәжірибесі бар Кипрдің АПОЭЛ командасынан басым түсті. Сөйтіп, 2015 жылдың 26 тамыз күні УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Сонымен қатар, топтық кезеңінде Еуропаның үздік командалары «Атлетико», «Галатасарай» командаларымен терезесі тең ойын көрсетті.

Болгариялық маман мықты стратег екендігін, ел біріншілігіндегі «Қайратқа» қарсы ойында дәлелдеді. Мадрид қаласында өткен «Атлетикоға» қарсы кездесуге 5 бірдей белді ойыншыларды апармай, күш сақтап Қазақстан Премьер-Лигасындағы маңызды матчқа дайындалғаны асқан көрегендік болды. Испанияда оңбай жеңілгенімен, оңтүстік астанамызда өткен «чемпиондық» матчта 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс чемпиондық жолдың басты себебі болды. Бірінші орынға көтерілген Стоиловтың командасы чемпионат аяқталғанша көш басын ешкімге бермеді. Ал «Атлетикоға» қарсы өз алаңымызда өткен кездесуде тең түсіп, қазақ футболының мерейін тағы бір рет үстем етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или