ҚФФ 2015 жылғы атқарған жұмыстарын қорытындылады

Қазақстан футбол федерациясы департаменттердің 2015 жылғы жұмысын қорытындылай бастады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бас хатшы Азамат Айтқожин өткізген алғашқы жиында Балалар және жасөспірімдер футболы департаменті 2015 жылдың есебін ұсынды.

Департамент директоры Сергей Кенетаев жыл сайын маусым басында ҚФФ вице-президенті Сейілда Байшақовтың төрағалығымен балалар және жасөспірімдер, жастар футбол клубтарын дамыту бағдарламасының жетекшілерінің қатысуымен ұйымдастыру кеңесі өтетініне тоқталды. Бұл басқосуда өткен маусымның мәселелері талқыланып, жаңа маусымның тапсырмалары алға қойылады. ҚФФ аясында өтетін жарыстарды сапалы ұйымдастыру мен бақылау бойынша негізгі бағыттар айқындалады. Кейін футбол орталықтары мен академиялардың, Бірінші лиганың жасөспірімдер командалары, сонымен қатар, ҚФФ аясында өтетін басқа да турнирлерлердің күнтізбесі жасалады. Осы маусымда футбол орталықтары мен академиялардың 7 жас ерекшелігі командалары, сонымен қатар, Бірінші лиганың 3 жас ерекшелігі бойынша сәуір мен қазан айларының аралығында Біріншілік толыққанды өтті. Жылпы ойындардың саны - 1740, Біріншілікке қатысуға тіркелген футболшылардың саны - 3385. Біріншілік матчтары еліміздің 17 қаласында өтті. Маусым бойы Біріншілік ойындарында 295 төреші қызмет атқарды. Олардың басым бөлігі аймақтық Жас төреші мектебінің өкілдері. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы саны 2494 ескерту көрсетіліп, 189 рет ойыншы алаңнан қуылған. Төрешілердің жұмысын ҚФФ-ның 61 инспекторы бағалады.

- 2012 жылы Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтің бастамасымен 2012-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының балалар және жасөспірімдер футболын дамыту концепциясы әзірленді, - деп тоқталып өтті Сергей Кенетаев. - Қазақстан футбол федерациясы, аймақтық федерациялар, футбол клубтары, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі екі негізгі бағытқа ұмтылуы тиіс. Біріншіден, миллиондаған қазақстандық балалардың футболға деген құштарлығын арттыру. Екіншіден, дарынды жаттықтырушылардың арқасында клубтық және құрама деңгейінде әлемдік футбол элитасына ену. 2022 жылы ұлттық құраманы жоғары еуропалық деңгейге алып шығатын ойыншылар дүниеге келді.

Үлкен міндетті алға қоя отырып, біздің футболдың үлкен әлеуметіне сүйенеміз. Футбол орталықтары мен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің дайындық бағдарламаларын құру, жаттықтырушыларды дайындау және олардың білімдерін әрдайым жаңарту арқылы алға қойған мақсаттарға қол жеткіземіз. Концепцияны жүзеге асыру үшін футбол орталықтарында жасөспірімдерді дайындау бағдарламасы әзірленді. Бүгінгі таңда Премьер-Лига мен Бірінші Лига клубтарының жанынан еліміздің 14 қаласында футбол орталығы ашылды. Біздің футболға жергілікті бапкерлер мен жақсы ойыншылар керек. Футбол орталығындағы оқу-жаттығу жүйесінің бағдарламасын әзірлеу кезінде футболшылардың жекелей жаттығуы, ұзақ жылдар бойы дайындығы сынды қағидалары сақталды. 2012-2015 жылдар аралығында футбол орталықтарында шұғылданатын ойыншылардың саны 4,4 есеге артты. Жаттықтырушылардың саны 3,1 есеге көбейді.

Сонымен қатар, жиында «Соса-Соlа Былғары-доп» Республикалық турнирін еліміздің барлық өңірінде үш жас ерекшелегі бойынша өткізуге баса назар аударылды. Маусым қорытындысы бойынша турнирге 5500 мектептен 370 мыңға жуық бала қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или