Бранко Илич: «Украина сапында Тимощук пен Коноплянка ғана өзге чемпионатта өнер көрсетеді»

Бранко Илич: «Украина сапында Тимощук пен Коноплянка ғана өзге чемпионатта өнер көрсетеді»

Словения құрамасы мен «Астананың» қорғаушысы Бранко Илич RTVSlo.si  порталына берген сұхбатында алдағы Украина құрамасына қарсы матч жайлы айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Украина құрамасы - өте мықты ұжым. Олардың командасы жақсы ойыншылардан жасақталған. Алдағы мақсатымыз - Львовтағы ойынды сәтті өткізу. Қазіргі таңда қарсыласымыздың кездесулерін зерттеудеміз. Украина сапында тек екі ойыншы ғана шетелде өнер көрсетеді: Евгений Коноплянка («Севильяда») және Анатолий Тимощук («Қайратта»). Қалған ойыншылары украинаның «Динамо», «Шахтер» және «Днепр» сияқты мықты командаларында тер төгеді.

2000 жылы өткен Еуропа чемпионатына плей-офф матчында біз Украинаны артта қалдырған болатынбыз, бұл жолы да жеңіске жетеміз деген үміттемін. Ақтық кезеңге шығу үшін бар күшімізді саламыз, - деді Илич.

Естеріңізге сала кетсек, Украина мен Словения құрамасы 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатына шығу үшін плей-офф матчын өткізеді. Бірінші кездесу қарашаның 14-і Львовта, ал қарымта ойын 17-і қараша күні Мариборда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или