Василий Маруняк: «Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу тобынан шығу үшін таласaды»

Василий Маруняк: «Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу тобынан шығу үшін таласaды»

16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшін Алматыда өткен халықаралық турнирдің қалай өткені туралы аға жаттықтырушы Василий Маруняк айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Бұл жастағы Қазақстан жасөспірімдер құрамасы биыл екінші рет жиналды. Сәуір айында футболшылардың басым бөлігі Әзірбайжанда өткен Даму Кубогына қатысып қайтты. Алғашқы кездесулерде футболшылардың ойынға машықтанбағаны байқалды. Олар маусымды аяқтап, демалысқа шыққан еді. Сол себепті құраманың ойыншылары алғашқы матчтарда өздерін көрсете алмады. Турнирдің аяғына қарай ойынға төселіп, өз деңгейлерін көрсете алды. Турнирге бес жаңа ойыншы шақырылды. Олардың мүмкіндіктерін бақылап көрдік. Айта кету керек, құрамада жаңа шабуылшы пайда болды. Ол - Лев Скворцов. Сонымен қатар, Мәди Жақыпбаев жақсы ойнап, турнир қорытындысы бойынша жекелей марапатқа ие болды.

- Қазақстан жасөспірімдер құрамасының турнирде өткізген қай ойыны сізге ұнады?

- Мен үшін Қырғызстан құрамасымен болған ойын жақсы өтті. Олар келесі жылы өтетін Азия Чемпионатына алғаш рет жолдама алды. Сол себепті олармен ойнау қызықты болды. Біздің футболшылар тактикалық, физикалық және ойлау қабілеті жағынан басымдық танытты.

- Бұл жастағы құрама енді қашан жиналады?

- Желтоқсанның аяғында жиналуды жоспарлап отырмыз. 16 желтоқсан күні Бразилияда оқып жатқан 2000 жылғы қазақстандық футболшылардың тобы келеді. Олармен жолдастық матч өткізу ойда бар. Құрамаға қабылданатын футболшыларды іріктейміз.

- 2000 жылғы туған футболшылардан құралған құрама іріктеу турнирін сәтті өткізе ала ма?

- Менің ойымша, 2000 жылғы туған футболшылардан үлкен үміт күтуге болады. Олардың болашағы зор. Сол себепті Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу тобынан шығу үшін таласа алады деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или