«Барселонаның» жаттықтырушысы Флик «Манчестер Сити» ойыншысын сатып алуды мақұлдады
Каталондық «Барселона» «Манчестер Ситидің» қорғаушысы Жоау Канселоны тұрақты түрде сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Sport.es.
Дереккөздің хабарлауынша, бас бапкер Ханс-Дитер Флик футболшының трансферіне мақұлдаған. «Манчестер Сити» өз кезегінде Канселомен шамамен 20 миллион еуроға қоштасуға дайын.
Естеріңізге сала кетейік, 2023/2024 маусымында Жоау каталониялық команда сапында жалға ойнаған.
Өткен маусымда қорғаушы «Барселона» сапында 42 матчқа қатысып, төрт гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Оның «азаматтармен» еңбек шарты 2027 жылдың ортасына дейін созылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или