АҚШ-та балалар футболына қатысты қатаң шешім қабылданды

АҚШ-та балалар футболына қатысты қатаң шешім қабылданды

АҚШ-та балалар футболына қатысты қатаң шешімдердің бірі қабылданды. 15 айға созылған сот ісінен кейін елдің футбол қауымдастығы 10 жастан бастап қана балалардың баспен футбол ойнауына рұқсат алды.

2014 жылы ата-аналар мен ардагер ойыншылар АҚШ-та жасөспірімдердің баспен футбол ойнауына байланысты шағымданып, сотқа арыз тастаған болатын. Өйткені, елде соңғы 4 жыл ішінде ойын кезінде миы шайқалып, ауыр жарақат алған балалардың саны едәуір артқан. Нәтижесінде сот 10 жасқа толмаған жас футболшыларға ойын кезінде баспен ойнауға тыйым салып отыр. Ал 11-13 жас аралығындағы ойыншыларға ресми ойындар кезінде ғана баспен ойнауына рұқсат етілді.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде футбол спортын мектептегі міндетті пәндердің қатарына енгізу туралы ұсыныс айтылған болатын.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или