17 жастағы футболшының голы ЕУРО-2024 турнирінде үздік деп танылды
УЕФА техникалық бақылаушылары Еуро-2024 үшін ең үздік 10 голды таңдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Испаниялық вингер Ламин Ямальдың турнирдің жартылай финалында Франция құрамасының қақпасына соққан голы жеңімпаз атанды (2:1).
Ямаль турнирдің жартылай финалында француздарға гол соғып, 16 жас 362 күнде Еуроның финалдық кезеңінде гол соққан ең жас ойыншы атанды.
Ағылшындық Джуд Беллингем Словакияға қарсы 1/8 финалдағы ойында соққан добының арқасында екінші орын алды. Үшінші орында – топтық кезеңнің екінші турындағы матчта Швейцария құрамасы сапында Джердан Шакиридің шотландтарға соққан голы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или