«Ақтөбе» ФК баспасөз-хатшысы: «Ақтөбенің» бүкіл құрамасы трансферге қойылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды»

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз-хатшысы «PROСПОРТ» сайтына берген сұхбатында Йоан Андоненің командадан кеткені және кейбір ойыншылардың трансферге қойылғаны жайлы айтып берді.

- Бүгін ғаламторда «Ақтөбенің» бүкіл құрамасы трансферге қойылды деген ақпарат шықты. Бұл қаншалықты рас?

- Біріншіден, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бізде бүгін екі кездесу өтті. Клубтың президенті Сағат Енсегенұлы өз кабинетінде команданың бас бапкері Йоан Андонені қабылдады. Әңгіме барысында румыниялық маманмен келісім ұзартылмайтыны белгілі болды. Сондай-ақ, кейін өткен тағы бір кездесуде клуб басшылығы команданың ойыншыларымен жолықты. Әр ойыншымен болған жеке әңгімеден кейін келісім аяқталған футболшылар командадан кететіні немесе трансферге қойылатыны анықталды.

- Жаңа бас бапкердің есімі қашан белгілі болады?

- Әзірге команданы ешкім жаттықтырмайды. Команда демалыстан оралғаннан кейін жаңа бас бапкердің есімі белгілі болады.

- Хижниченко мен Сантана арасындағы болған қақтығыс жайлы пікіріңіз қандай?

- Бұған көңіл аударғым келмейді. Бұл ойын барысында болған келеңсіз оқиға. Кездесуден кейін Хижа мен Сантана бұл мәселені шешті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или