Анатолий Тимощук: «Словенияның ойынын әлі зерттеген жоқпыз»

Анатолий Тимощук: «Словенияның ойынын әлі зерттеген жоқпыз»

Алматылық «Қайрат» пен Украина құрамасының жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук алдағы Словениямен өтетін қос матч жайлы өз пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

— Сіздің Ұлттық құрама сапындағы тәжірибеңіз мол. Бұған дейінгі плей-офф кездесулерінде командаға не жетіспеді?

— Біз Германия, Францияға да қарсы ойнадық. Ал ең еске алғым келмейтін кездесу - бұл Грекияға қарсы ойын. Сырт алаңда гол соғатын талай мүмкіндікті жіберіп алдық, есесіне олар бізге шешуші голды соғып кетті. Сондықтан бізге өз алаңымызда гол жібермей, өз мүмкіндіктерімізді ұтымды пайдалануымыз қажет. Словенияға қарсы қос кездесуде бар күшімізді саламыз.

— Хандановичке гол соғу ауыр болмақ...

— Қарсылас команданың ойынын әлі зерттеген жоқпыз. Дайындыққа бес күн бар. 3-4 күн Словенияның ойынын зерттейміз. Біздің шабуылшыларымыз мықты, сондықтан Хандановичке гол соғамыз деген ойдамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или