Испания құрамасы Еуропа чемпионы атанса қанша қаржы алатыны белгілі болды
Испания құрамасы Англия құрамасымен бүгін, 14 шілдеде өтетін Еуропа чемпионатының финалында жеңіске жетсе, 28,25 миллион еуро алады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Sport.es жазды.
Дереккөздің айтуынша, бұл соманың 40 пайызы футболшыларға тиесілі. Жеңілген жағдайда ойыншылар 30% алады.
Естеріңізге сала кетейік, Испания мен Англия құрамалары арасындағы Еуро-2024 финалдық ойыны Берлиндегі Олимпиаштадион стадионында өтеді. Матчтың бас төрешісі қызметін Франсуа Летексие атқарады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или