Англия - Испания: ЕУРО-2024 турниріндегі финалдық ойынның тікелей трансляциясы
Бүгін, 2024 жылдың 14 шілдесінде Германияда футболдан Еуропа чемпионатының финалы өтеді, онда Англия мен Испания ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топтық кезеңде Испания Хорватия (3:0), Италия (1:0) және Албаниямен (1:0) кездесулерде 9 ұпай жинап, В тобынан бірінші орынмен шықты. 1/8 финалда испандықтар Грузияны (4:1), ширек финалда Германияны қосымша уақытта жеңіп (2:1), жартылай финалда Францияны (2:1) ұтты.
Англия топтық кезеңде «С» тобында Сербия (1:0), Дания (1:1) және Словениямен (0:0) кездесулерде 5 ұпай жинап, бірінші орын алды. 1/8 финалда британдықтар Словакияны қосымша уақытта (2:1) ұтса, ширек финалда Швейцарияны пенальти сериясында (1:1, 5:3) жарыс жолынан шығарды. Жартылай финалда Нидерландыны (2:1) 91-минутта соғылған голдың арқасында жеңді.
Англия - Испания матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 00:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.