Уругвай Америка кубогының қола жүлдесін жеңіп алды

Уругвай Америка кубогының қола жүлдесін жеңіп алды

Америка кубогында үшінші орын үшін өткен кездесуде Уругвай құрамасы Канада құрамасын пенальтиден 4:3 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойындағы алғашқы голды 8-минутта уругвайлық жартылай қорғаушы Родриго Бентанкур соқты. 22-минутта канадалық Исмаэль Коне таразы басын теңестірді. Екінші таймда Канада сапында шабуылшы Джонатан Дэвид (80-минут), ал Уругвай сапында Луис Суарес (90+2) гол соқты.

Пенальти сериясында Уругвай құрамасының ойыншылары дәлірек болды – 4:3.

Уругвай сегізінші рет Америка кубогының қола жүлдесін жеңіп алды. Канада құрамасы бұл турнирге алғаш рет қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или