Иоан Андоне қола медалін ақтөбелік жас футболшыға сыйлады

Иоан Андоне қола медалін ақтөбелік жас футболшыға сыйлады

Достық үйінде 2015 жылғы Қазақстан чемпионатында қола медаль алған «Ақтөбе» футбол клубын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ақтөбелік клубқа қола жүлдені ҚФФ-ның вице-президенті Сейілдә Байшақов табыс етті. Сондай-ақ, «Ақтөбе-фанс» жанкүйерлер тобы «Ақтөбе» капитаны Юрий Логвиненкоға 10 жыл бойы өз командасына адал болып келе жатқаны үшін символикалық сыйлық ұсынды.

Салтанатты кешті тамашалауға 500-ге жуық адам келген. Кейбір көрермендер футболшылардың осы маусымдағы сәтсіз өнері үшін кешірім сұрайтынын күткен, бірақ жанкүйерлердің күткені болмады.

Шара соңында ақтөбеліктердің бас бапкері Иоан Андоне өз медалін команданың жас футболшысы, соңғы турда дебюттік кездесуін өткізген Саят Жұмағалиге сыйлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или