«Ордабасы» командасының бас бапкері Чемпиондар лигасындағы нәтижеге түсінік берді

«Ордабасының» бапкері Александр Седнев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Петрокубпен» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің бірінші кездесуіндегі (0:0) нәтижеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Гол жібермедік, бірақ гол да соға алмадық. Бұл матчтар қателіктерге толы. Қатенің құны тым жоғары. Бұл екі матчтан тұратын сынақ. Бүгін біз қарсыласымыздың нағыз ойынын көрдік, өйткені жолдастық кездесулердің нәтижелеріне қарап баға беру қиын. «Петрокуб» жақсы әсер қалдырды. Команданың жақсы дайындалғаны анық. Матч өте сақ, тартысты өтті. Ойын басын сәтсіз бастадық. Екінші таймда футболымызға қан жүгірді. Мүмкіндіктер аз болғанымен бір гол соғуға болап еді», - деді Седнев.
Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» молдавиялық «Петрокубпен» тең ойнаған болатын (0:0). Екінші ойын 17 шілдеде Кишиневте (Молдавия) өтеді.