русский язык
Футбол

УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Ордабасы» - «Петрокуб» матчының статистикасын жариялады

УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Ордабасы» - «Петрокуб» матчының статистикасын жариялады

УЕФА ресми сайты Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымындағы бірінші іріктеу кезеңіндегі «Ордабасы» - «Петрокуб» (0:0) матчының статистикасын ұсынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық команда ойыншылары қақпаға көбірек соққы жасады – 14-8, бірақ қонақтар дәл соққы санынан алға шықты – 5-4. Бұрыштамадағы басымдық Петрокуб жағында болды – 5-2. Алаң иелері жиі офсайдта қалды – 3-2. Ойынның тәртіптік жағына келетін болсақ, молдовалықтар ережені жиі бұзды – 15-13, бірақ екі команданың ойыншылары үш сары қағаздан алды.

«Ордабасы» мен «Петрокуб» қарымта кездесуін 17 шілдеде Кишиневте (Молдавия) өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;