«Барселона» вингері Еуропа чемпионаттары тарихында гол соққан ең жас ойыншы атанды
«Барселона» мен Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль Еуро-2024 жартылай финалында Франциямен өткен ойында гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
16 жастағы футболшы матчтың 21-минутында айып алаңының сыртынан керемет соққы бағыттап, турнирдегі алғашқы голын атына жазды.
Осылайша, Ямаль Еуропа чемпионаттары тарихындағы гол соққан ең жас футболшы атанды. Бұған дейінгі рекорд 18 жасында Еуро-2004 топтық кезеңінде Францияға гол соққан (1:3) швейцариялық Йохан Вонлантенге тиесілі болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или