Испания Еуро-2024 турнирінің финалына шықты

Испания Еуро-2024 турнирінің финалына шықты

Испания мен Франция құрамалары кездескен Еуро-2024 турнирінде бірінші жартылай финалдық ойыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Мюнхендегі Альянц Аренада өтті. Кездесудің бас төрешісі қызметін словениялық Славко Винчич атқарды. Фурия Роха 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Тоғызыншы минутта француз шабуылшысы Рандаль Коло Муани есеп ашты. 21-минутта 16 жастағы вингер Ламин Ямаль теңестірді. 25-минутта жартылай қорғаушы Даниэль Ольмо Испания құрамасын алға шығарды.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалында Испания құрамасы екінші жартылай финалда ойнайтын Нидерланды-Англия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Матч 10 шілдеде Дортмундтағы «Сигнал Идуна Парк» стадионында өтеді. Кездесудің бас төрешісі қызметін германиялық Феликс Цвейер атқарады. Ойын Астана уақытымен 00:00-де басталады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или