Бауыржан Исламхан «Ордабасының» Чемпиондар лигасына дайындығы туралы айтты
Шымкенттік «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан команданың Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі Молдованың «Петрокубымен» өтетін алғашқы ойынына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz
«Шынымды айтсам, біз бұған чемпион болған күннен бері дайындалдық деп ойлаймын. Мұндай үлкен турнирде бірінші рет өнер көрсетемін. Командадағы барлық жігіттер өте жақсы дайындалған. Біздің жанкүйерлеріміздің алдында үлкен жауапкершілік бар. Сондықтан бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз», - деді Исламхан.
Айта кетейік, Петрокубқа қарсы алғашқы ойын 10 шілде күні сағат 20:00-де Шымкентте өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или