Рамазан Оразов даниялық клуб сапындағы алғашқы голын соқты. Видео

Рамазан Оразов даниялық клуб сапындағы алғашқы голын соқты. Видео

Даниялық «Силкеборг» Нидерландыдағы оқу-жаттығу жиынында голландиялық ПЕК Зволле командасымен матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу «Силкеборгтың» 3:1 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. 27-минутта Александр Линд даниялықтарды алға шығарды. 31-минутта «Силкеборгтың» негізгі сапында шыққан қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов пенальтиден жаңа командасының есеп айырмасын еселей түсті. 

32-минутта Тони Адамсен есепті 3:0-ге жеткізді. Екінші таймның басында, 46-минутта Энтони Фонтана есепті қысқартты.

Еске сала кетейік, Рамазан Оразов биыл маусым айының соңында «Ақтөбеден» кетіп «Силкеборгтың» футболшысы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или