Әділетсіз ереже. «Астананы» чемпион қылған бір ұпай

Футболдан Қазақстанның биылғы маусымдағы чемпионы анықталды. Елордалық ұжым қатарынан екінші жыл еліміздің үздік командасы атанды. «Астананың» биыл жоғары межеден көрінуіне Федерациямыздың ережесі себепші болып отыр.

Бәрін басынан бастайық. Бірінші кезең аяқталарда алматылық «Қайрат» 44 ұпаймен көш бастап келе жатқан. Екінші орындағы «Ақтөбе» де дәл осынша ұпай жинады. «Астана» 43 ұпайменүздік үштікке енген. Бәріміз білетіндей, алғашқы кезеңнен соң командалардың ұпайлары екіге бөлінеді. Тиісінше, алматылықтар мен ақтөбеліктерде 22 ұпайдан қалды. Ал Қазақстан чемпионатының ережесі бойынша клубтың ұпайы тақ саннан құралса, оны екіге бөлу үшін командаға бір ұпай қосылады. Осылайша, 43 ұпайы бар «Астана» да «Қайрат» және «Ақтөбемен» бір қатарда орналасты (үшеуінде де 22 ұпайдан).

Ал енді маусымнан кейінгі турнир кестесіне көз жүгіртсек. Ел чемпионы атанған «Астана» осы маусымда 20 рет жеңіске жетіп, 7 кездесуді тең аяқтаған, тағы 5 матчта жеңіліп қалды. Екінші орын алған «Қайраттың» да статистикалық көрсеткіштері дәл осындай. Бірақ «Астанада» - 46 ұпай, «Қайратта» - 45. Статистика бірдей болса да, елордалықтар чемпион атанды. Қысқаша айтқанда, Станимир Стойлов шәкірттері бірінші кезеңнен кейін сыйланған бір ұпайдың арқасында чемпионаттың алтын жүлдесіне қол жеткізді.

Рас, чемпионаттың соңында жиі сүрінген «Қайраттың» өзін кінәлі санауыңызға болады. Бірақ, біріншілігіміздің қазіргі тәртібі нағыз чемпионды анықтап бере алмайтынына көз жеткізді емес пе?! Түсінеміз, ұпайды екіге бөлу арқылы маусым аяғында командалар арасындағы тартысты қызықтыра түсіруді көздеген екен. Жарайды, тартысты қылғысы келсе, бір команданың ұпайын көбейтіп беруден басқа амалдар бар шығар? Әйтпесе, чемпионатымыз әділетсіз болып бара жатыр.

«Чемпионат өте әділетсіз. Дәлірек айтқанда, ұпайды санау жүйесі дұрыс емес. Мұның қалай жасалатыны түсініксіз. Бірде ұпайды алып тастаса, «Астана» секілді клубтарға бір ұпайды қосып қояды», - деп ішкі күйінісін білдірді «Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс. Шыны керек, егер ұпай бөлінбесе, «Астана» мен «Қайрат» арасындағы «алтын матчты» күтіп отырар едік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или