Қазақстан құрамасының бас бапкері Еуро-2024 жеңімпазын атады

Қазақстан құрамасының бас бапкері Еуро-2024 жеңімпазын атады

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов 2024 жылғы Еуропа чемпионатында қай ұлттық құрама жеңетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Финалға Франция мен Англия құрамалары шығады. Ал Франция құрамасы чемпион атанады», - деді Черчесов.

Ширек финалда Франция құрамасы Португалияны жеңсе, Англия құрамасы Швейцарияны тізе бүктірді. Екі кездесудің жеңімпазы пенальти сериясында анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2024 жартылай финалында Испания құрамасы Франциямен, Англия құрамасы Голландиямен ойнайды. Ойындар тиісінше 9 және 10 шілдеде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или