Америка кубогында жартылай финал жұптары анықталды
Уругвай құрамасы 2024 жылғы Америка кубогының соңғы жартылай финалисті атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Марсело Бьелса шәкірттері Бразилияны турнирден шығарды. Негізгі уақыт голсыз тең аяқталды. Пенальти сериясында Уругвай футболшылары басым болды – 4:2.
Уругвай жартылай финалда (11 шілде) Колумбиямен ойнаса, екінші жартылай финалда Аргентина мен Канада кездеседі (10 шілде).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или