ҚПЛ – 2015. Қорытынды

ҚПЛ – 2015. Қорытынды

«PROСПОРТ» тілшісі бүгін ғана аяқталған футболдан ел чемпионатын қорытындылап, жарыстың үздік сұрмергені мен келесі маусымда еурокубоктарда ел намысын қорғайтын ұжымдардың тізімін жасақтады.

Бүгін соңғы 32-ші турдың аяқталуымен футболдан Қазақстан чемпионаты тәмәмдалды. Ел намысын Чемпиондар лигасында қорғап жүрген елордалық «Астана» тартысты кездесуде «Ақтөбені» ұтып, қатарынан екінші рет ел чемпионы атанды. Ал ұзақ уақыт бойы көш бастаған алматылық «Қайрат» өз алаңында «Ордабасыны» 2:0 есебімен жеңіп, жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. «Астанадан» ұтылған «Ақтөбе» қола жүлдегер атанса, «Ордабасы» үздік төрттікті қорытындылады. Осылайша, «Астана» келесі маусымда Чемпиондар лигасында бақ сынаса, «Қайрат», «Ақтөбе» мен «Ордабасы» Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Сондай-ақ, «Атырау» «Ертістен» айласын асырып, турнир кестесінің бесінші сатысында жайғасты. Ал керекулік клуб турнирді алтыншы орында аяқтады.

ҚПЛ – 2015. 1-6 орын. Қорытынды кесте

«Астана» - 46 ұпай

«Қайрат» - 45

«Ақтөбе» - 32

«Ордабасы» -29

«Атырау» - 27

«Ертіс» - 25

Келесі маусымда еурокуботарда өнер көрсететін командалар:

«Астана» - Чемпиондар лигасының 2-ші іріктеу кезеңі

«Қайрат» - Еуропа лигасының 1-ші іріктеу кезеңі (Ел кубогын ұтса, 2-ші іріктеу кезең)

«Ақтөбе» - Еуропа лигасының 1-ші іріктеу кезеңі

«Ордабасы» - Еуропа лигасының 1-ші іріктеу кезеңі

Ал екінші алтылықта қостанайлық «Тобыл» топ жарды. «Оқжетпес», «Тараз» бен «Шахтер» де Премьер-лигадағы орындарын сақтап қалды. Ал былтыр ғана жоғары нәтиже көрсеткен қызылордалық «Қайсар» енді келесі маусымнан бастап Бірінші лигада доп тебеді. Есесіне оның орнын Бірінші лиганың жеңімпазы оралдық «Ақжайық» басты. Талдықорғандық «Жетісу» болса Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу үшін өскемендік «Востокпен» күш сынасады.

ҚПЛ – 2015. 7-12 орын. Қорытынды кесте

«Тобыл» - 30 ұпай

«Оқжетпес» - 29

«Тараз» - 26

«Шахтер» - 23

«Жетісу» - 22

«Қайсар» -  16

Ал биылғы маусымның үздік бомбардирі болып «Қайраттың» сұрмергені Жерар Гоу атанды. Толық тізім мынадай:

Үздік бомбардирлер тізімі:

Жерар Гоу «Қайрат» - 22 (3)

Лука Роткович «Оқжетпес» - 13 (2)

Душан Савич «Жетісу» - 12 (1)

Таңат Нөсербаев «Астана» - 11

Джордже Деспотович «Қайрат/Жетісу» - 11

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или