«Жетісу» «Тобыл» қақпасына қос гол соқты

Футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы турында талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» ұтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матчтың алғашқы таймында жанкүйерлер гол көре алмады. Есесіне екінші таймда алаң иелері қос доп соқты. 57-минутта Душан Савич «Жетісуды» алға шығарған. Араға екі минут салып Савич дубль авторы атанды.

Бұл жеңіс «Жетісуды» қауіпті аймақтан шығара алмады. Талдықорғандықтар 22-ұпаймен 11-орын еншіледі. Ал «Тобыл» өткен турда-ақ жетінші орын алып қойған болатын.

«Жетісу» - «Тобыл» 2:0 (0:0)

Голдар: 1:0 – Савич 57, 2:0 – Савич 59

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или