«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

«Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Акмаль Бақтияров ресейлік «Волгарь» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бақтияров Алматы «Қайрат» академиясының түлегі. УЕФА жастар лигасының іріктеу кезеңіне қатысты. Турнирдің алты кездесуінде үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Қазақстан кубогының чемпионы және екі дүркін иегері.

Ресейде Бахтияров «Сочи» сапында ойнады.

Акмаль Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамалары сапында 17 кездесу өткізіп, екі гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или