Екі гол ғана соққан италиялық шабуылшы «Тобылдан» кетті
Қостанайлық «Тобыл» италиялық шабуылшы Годберг Купердің клубтан кеткені туралы ақпаратты ресми түрде растады, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Форвард Годберг Купер қостанайлық клубтан тараптардың келісімі бойынша кетті.
«Тобыл» футбол клубының командасы Куперге атқарған жұмысы үшін алғысын білдіреді және оның мансабын жалғастыруына сәттілік тілейді», - делінген қостанайлық команданың хабарламасында.
Осы маусымда Купер «Тобыл» сапында 15 матч өткізіп, екі гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или