Еуро-2024: 1/4 финалдағы барлық жұптар анықталды

Еуро-2024: 1/4 финалдағы барлық жұптар анықталды

Еуропа чемпионатында 1/8 финалының Австрия мен Түркия құрамалары арасындағы соңғы ойыны аяқталып, онда Түркия құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, Еуро-2024 ширек финалының барлық жұптары анықталды.

Еуропа чемпионатының ширек финалдық жұптары 

Испания - Германия

Португалия - Франция.

Нидерланды - Түркия.

Англия - Швейцария.

Алғашқы ширек финалдық кездесулер 5 шілдеде өтеді. Испания мен Германия құрамалары Астана уақытымен сағат 21:00-де кездеседі. Ал 00:00-де Португалия мен Франция ойнайды.

Келесі күні Англия - Швейцария (21:00) және Нидерланды - Түркия (00:00) ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или