Түркия Еуропа чемпионатының ширек финалына соңғы болып шықты
Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Түркия құрамасы Австрия құрамасын ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
1-минутта түріктер есеп ашты - қорғаушы Мерих Демирал гол соқты. Екінші таймның басында түріктер есепті еселеді – Демирал дубль авторы атанды. Көп ұзамай австриялықтар Майкл Грегоричтің соққысынан кейін есеп айырмасын қысқартты.
Еуро-2024 ширек финалында Түркия құрамасы 6 шілде сенбі күні Нидерландымен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или