УЕФА Грузия футбол федерациясын жазалады

УЕФА Грузия футбол федерациясын жазалады

УЕФА 2024 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі матчтардың қорытындысы бойынша Грузия футбол федерациясына 46 мың еуро айыппұл салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түркия құрамасына қарсы ойыннан кейін (1:3) грузин тарапы пиротехникалық заттарды қолданғаны және тәртіпсіздік жасағаны үшін 36,25 мың еуро көлемінде айыппұл салды. Португалиямен өткен 3-тур кездесуінің (2:0) қорытындысы бойынша УЕФА алаңға жүгіріп шыққан жанкүйерлері және пиротехникалық заттарды пайдаланғаны үшін Грузияға 9,75 мың еуро айыппұл салды. Жалпы айыппұл көлемі 46 мың еуроны құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Грузия құрамасы 1/8 финалда Испания құрамасынан жеңіліп (1:4), турнирден шығып қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или