«Жанкүйерлерді жақындатпады»: Еуропа чемпионатынан оралған Грузия құрамасын халық қалай қарсы алды

«Жанкүйерлерді жақындатпады»: Еуропа чемпионатынан оралған Грузия құрамасын халық қалай қарсы алды

Футболдан Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысып, плей-офф кезеңіне дейін жеткен Грузия құрамасы Тблисиге оралды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Newsgeorgia мәліметінше, жүздеген жанкүйер Грузия құрамасының футболшыларын Тбилиси әуежайынан күтіп алған. Полиция үкіметтік терминалға кордон қойып, жанкүйерлерді футболшыларға жақындатпаған. Футболшылар әуежайдан автобусқа мініп кеткен.

Грузия үкіметінің хабарлауынша, ұлттық құраманың елге оралуына орай бүгін, 2 шілдеде Тбилисидегі «Бостандық» алаңында салтанатты шара өтпек.

Айта кетейік, Грузия құрамасы тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатында өнер көрсетті. Олар турнирде 4 матч өткізді. B тобында Түркиядан 1:3 есебімен ұтылса, Чехия командасымен тең ойнады (1:1). Кейін Португалияны 2:0 есебімен сенсациялық түрде жеңіп, плей-оффқа өтті. Алайда плей-офф кезеңінде Испанияға есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или