Олимпиада-2024: Қазақстан жүзуден екі лицензия жеңіп алды
Қазақстандық екі спортшы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жүзуден жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй және 100 метрге еркін стильде жүзуден бақ сынайды. Ал Ксения Игнатова 100 метрге шалқалай жүзуде өнер көрсетеді.
Жүзуден жарыстар 26 шілдеде басталып, 4 тамызға дейін созылады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық жеңілатлеттер Париж Олимпиадасына төрт жолдама жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или