Париж Олимпиадасы: Қазақстан жеңіл атлетикадан тағы төрт лицензия иеленді

Париж Олимпиадасы: Қазақстан жеңіл атлетикадан тағы төрт лицензия иеленді

Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының тағы төрт жолдамасы түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Worldathletics.org сайтының ақпараты бойынша, бұл жолдамаларды қазақстандық жеңілатлеттер жеңіп алды.

Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруге қатысады, Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева биікке секіруден ел намысын қорғайды, ал Дэйзи Джепкемей 3000 метрге стиплчезде бақ сынайды.

Бұл жолдамалар әлемдік рейтинг негізінде беріледі. Ал ресми жолдамалар 7 шілдеде табысталады.

Айта кетейік, қазақстандық екі жеңілатлет қана нормотив орындап жолдама алған еді: Жанна Мамажанова марафонда, Нора Джеруто 300 метрге жүгіруде өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или