«ПСЖ» 16 жастағы футболшы үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

«ПСЖ» 16 жастағы футболшы үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

Француздық ПСЖ каталониялық «Барселонаға» 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын, деп хабарлайды Prosports.kz .

Айта кетейік, «Барселона» футболшы жайында ешқандай ұсынысты қабыл алмайды.

Испания чемпионатының өткен маусымында Ямаль «Барселона» сапында 37 матч өткізіп, бес гол соққан. Ла Лига турнирлік кестесінде «Барселона» 85 ұпаймен екінші орынға жайғасты. «Реал Мадрид» «Барселонадан» он ұпай алға озып, Испания чемпионы атанды. Жирона 81 ұпаймен үшінші орын алды.

Ямаль Еуропа чемпионатындағы ең жас футболшы атанды. Футболшы 16 жас 338 күнде Хорватияға қарсы Еуро-2024 топтық кезеңінің бірінші турындағы ойынға ұлттық құрамасының негізгі құрамында шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или