ЕУРО-2024: Испания - Грузия матчының тікелей трансляциясы
Бүгін Кельн қаласында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/8 финалының матчы өтеді, онда Испания мен Грузия құрамалары ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Испания-Грузия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 00:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Испания құрамасы топтық кезеңде өз квартетінде мүмкін болатын тоғыз ұпайдан тоғыз ұпай жинап, бірінші орын алды. «Қызыл фурия» үш кездесуде жалпы 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Грузия құрамасы – бұл Еуропа чемпионатының сенсациясы. Топтық кезеңде ол төрт ұпаймен үшінші болып, плей-офф кезеңіне өтті. Грузиндер бір рет жеңіп, бір матчта жеңіліп, бір ойында тең түсті.
Естеріңізге сала кетейік, бұл турнирге іріктеу кезеңінде испандықтар грузиялықтарды екі рет – 3:1 және 7:1 есебімен ұтқан болатын.