ЕУРО-2024: Англия - Словакия матчының тікелей трансляциясы
Бүгін Гельзенкирхенде 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/8 финалының матчы өтеді, онда Англия мен Словакия құрамалары ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Англия - Словакия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 20:50-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Англия бірінші турда Беллингемнің жылдам голының арқасында Сербияны минималды есеппен (1:0) ұтқан болатын. Екінші және үшінші айналымда ағылшындар Дания (1:1) және Словениямен (0:0) тең түсті.
Словакия құрамасы плей-офф кезеңіне «Е» тобында үшінші орыннан ғана жолдама алды. Турнирдің алғашқы матчында Франческо Кальцона шәкірттері Бельгияны сенсациялық түрде жеңді (1:0). Бұдан кейін Украинаның шабуылын тоқтата алмай (1:2) ұтылып қалды, Румыниямен тең түсті (1:1).
Англия Словакиямен жеңілмеген (5 жеңіс + 1 тең).