Суперкомпьютер Еуродағы 1/8 финалдың әрбір жұбындағы фавориттерді атады
Opta суперкомпьютері 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/8 финалының әрбір жұбындағы фавориттерді анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2024 1/8 финалында келесі командалар өзара ойнайды:
Испания – Грузия;
Германия – Дания;
Португалия - Словения;
Франция - Бельгия;
Румыния - Нидерланды;
Австрия – Түркия;
Англия – Словакия;
Швейцария - Италия.
Оpta Испания-Грузия жұбында испандықтар жеңіске жетеді, немістер Данияны, португалдар Словенияны, француздар Бельгияны жеңеді деп есептейді. Румыния-Нидерланды жұбында суперкомпьютер Нидерландыға артықшылық береді. Түріктер австриялықтардан ұтылады, Англия Словакияны жеңеді, Швейцария Италия құрамасынан басым түседі.
Футболдан Еуропа чемпионаты 14 шілдеге дейін жалғасады. Турнирдің финалы Берлиндегі Олимпиада стадионында өтеді.