Неймар «Алтын допқа» үміткер 3 үздікті атады

Неймар «Алтын допқа» үміткер 3 үздікті атады

Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубының шабуылшысы Неймар 2024 жылғы «Алтын допқа» негізгі үш үміткерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Неймардың айтуынша, жылдың үздік футболшысы жүлдесін жеңіп алуға фаворит оның отандасы, «Реал Мадридтің» шабуылшысы Винисиус Жуниор.

«Винисиус Джуниор бірінші, Родриго мен Беллингем екінші орынды бөліседі. Мбаппе олармен таласады», - деді Неймар журналист Изабела Пальяримен сұхбатында.

Әлемдік футболдағы ең беделді жүлдені табыстау рәсімі 28 қазанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или