«Қайраттың» халықаралық турнирі басталды

Т.С.Сегізбаев атындағы академияда «Қайрат» футбол клубының алғашқы халықаралық турнирі басталды. Клубтың баспасөз қызметінен мәлімдегендей, алматылық клуб мұндай доданы тұңғыш рет қолға алып отыр және келешекте бұл игі дәстүр жалғасын таппақ. Ойындар топтық жүйе бойынша өтеді. Топта ең көп ұпай санын жинаған команда турнир жеңімпазы атанады.

Турнирде өзбектің «Пахтакор», қарағандылық «Шахтер» клубтарының ойыншылары, сондай-ақ «Қайраттың» екі командасы бағын сынауда. Бұған қоса, Қазақстан мен Қырғызстанның 17 жасқа дейінгі құрамалары да жарысқа қатысатындығын растады.

Алғашқы матчта «Кайрат» U-17 Қырғызстан құрамасымен тартысқа түсті. Ойын тартысты өткенімен, қарсыластар қақпаға гол кіргізе алмады. Ал осы уақытта бір жас кіші қайраттықтар Қазақстан құрамасындағы қатарластарынан 1:0 есебімен басым түсті.

Алғашқы күннің соңғы матчында «Шахтер» мен «Пахтакор» футболшылары жасыл алаңға шықты. Кеншілеріміз өзбек командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Қазіргі таңда турнир кестесінде қарағандылық «Шахтер» көш бастап тұр, екінші орынға еншісінде үш ұпайы бар «Қайрат U-16» командасы жайғасқан.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или