Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы футболшысы «Ұлытауға» ауысты
Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Абзал Таубай «Ұлытаудың» қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маусымды «Хан Тәңірімен» бастаған Таубай алматылық клубтан кетіп, мансабын Ұлытауда жалғастырады.
Тараздық футбол түлегі футболшы мансабын 2014 жылы туған жері Таразда бастап, команда сапында 150-ден астам матч өткізген. Ол 2023 жылғы маусымды «Тұран» сапында өткізді. Таубайдың Қазақстан жастар құрамасы сапында 5 кездесуі бар.
Естеріңізге сала кетейік, клуб қазіргі таңда Қазақстан Бірінші лигасының турнирлік кестесінде 19 ұпай жинаған. Көш басында келе жатқан «Жетісай» мен «Хан Тәңірінен» 6 ұпайға қалып, жетінші орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или