Қазақстандық бапкердің клубы еуропалық чемпионатта кезекті жеңіске қол жеткізді

Қазақстандық бапкердің клубы еуропалық чемпионатта кезекті жеңіске қол жеткізді

Қазақстандық маман Владимир Чебуриннің «Жальгирисі» футболдан Литва чемпионатының 20-шы турының матчында сырт алаңда «Бангадан» басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі гол да екінші таймда соғылған кездесу 2:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. 53-минутта литвалық шабуылшы Мейнардас Микуленас есеп ашты. 66-минутта румыниялық шабуылшы Ливиу Антал есепті еселеді.

«Жальгирис» чемпионатта қатарынан жетінші жеңісіне қол жеткізіп, 49 ұпаймен турнир кестесінде сенімді көш бастап тұр. Банга 23 ұпаймен алтыншы орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или